Күн тәртібінің бірінші мәселесінде бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комиссиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 19 сәуір мен 14 мамыр аралығында партиялық жиналыстар мен конференциялар өткізіледі.
Қазіргі таңда партия филиалының қатарында 306 БПҰ, оның құрамында 37 мыңнан астам партия мүшесі бар.
Күн тәртібінің екінші мәселесінде «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11 қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Кеңес төрағалары депутаттар – елорда мәслихатындағы партия фракциясының мүшелері және қоғамдық көшбасшылар.
Филиал басшысы Қоғамдық кеңестерге партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды тапсырды, оның ішінде қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттары кірді. Бағыттардың басым бөлігі қолжетімді тұрғын үйлер, оқу орындар, медициналық орталықтар құрылыстарын жүргізу, газдандыру жұмыстары жүргізу, шет аймақтарды дамыту, жол-инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті қолдау және т. б.
Отырыс соңында филиал төрағасы барлық қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық және табысты жұмыс тіледі.