Тәуелсіздік бәрінен қымбат
07.04.2021, 16:31

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Тәуелсіздік – бабаларымыз аңсап кеткен аса қадірлі кезең.

Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. Егемендікке қол жеткізгенімізге аз ғана уақыт болса да біршама ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырмыз. Ащы термен, тасқа қашалған таңбамен, топыраққа сіңген қанмен келген ұлы жеңісімізді қадірлей білуіміз керек. Осы орайда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жүректі тебірентпей қоймайды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы жерге қатысты алып-қашпа сөздерге нүкте қойып, егеменді еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін жазған. Сонымен қатар мемлекеттік тіліміздің өрісін кеңейтуге қатысты ойы айтылған. Болашаққа қадам басу үшін өткенге тағы да оралу керек. Еліміздің тарихын зерттеумен саясаткерлер емес нақты тарихшылар айналысу керектігін қадап айтты. Президентіміз кезекті мақаласында еліміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері мен еңсерген биіктерін тізіп өтті. Мемлекетіміздің басшысы осы 30 жылды үш онжылдыққа бөліп, әрқайсысында атқарылған миссияларды жеке-жеке атап айтты. Президентіміздің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген ұранын қолдай отырып, сол үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz оқытушылары түрлі іс-шаралар атқара отырып жастарымызға тәуелсіздігімізді насихаттайды. Бүгінгі таңда пандемияға қарамастан онлайн түрінде де егемендігімізді дәріптейтін тәрбиелік сағаттар өткізілуде. Жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру әр бір оқытушының алға қойған мақсаттарының бірі. Тәуелсіздік – бабалар аманаты, оны қастерлеу біздің міндетіміз! 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушылары Ибрагимова М.Н., Мужигова Г., Нусупбаева С.А.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер