Ғ.Бейсембаевтың оңтүстікке іссапары Шымкентте жалғасын тапты
17.11.2020, 00:12

Ғ.Бейсембаевтың оңтүстікке іссапары Шымкентте жалғасын тапты

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаевтың оңтүстікке іссапары бүгін Шымкент қаласында жалғасты. Орталық басшысы кешегісін Түркістан қаласында болған еді.
Сапар барысында Ғани Бейсембаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанмен, сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиевамен кездесіп, М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласының политехникалық колледжі, Отырар қалалық ғылыми әмбебап кітапханасы, №1 мектеп- гимназиясының базаларында болып қайтты.   Айта кетейік, бұл сапарлардың мақсаты – білім беру ұйымдары кітапханаларының жай-күйі, кітап қоры, цифрлы білім беру ресурстары, электронды кітапхана жұмысымен танысу және де апробациядан өтетін пилотты мектептердің оқытушыларымен кездесіп, дайындық барысын көріп, сауалнама жүргізу.   Бұдан бөлек, оқушылар мен студенттердің көркем әдебиетке деген ынтасын арттыратын «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүзеге асу үдерісін бақылау.   Бүгінгі таңда «Оқулық» РҒПО 2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөнінде Жол картасын әзірлеп, қолданысқа енгізу мәселелерін зерттеп зерделеп жатқанын атап өткен жөн.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер