Біз де ағартушылық жобаларды қолға алуды көздеудеміз - А.Қалназаров
10.11.2018ж.

Біз де ағартушылық жобаларды қолға алуды көздеудеміз - А.Қалназаров

Astana Mall сауда орталығының коворкинг орталығында «Мемлекеттік білім берудің өңірлік хабы» басқармасының төрағасы Әлихан Байменовтің «Bilimmen bólis» жобасы аясындағы дәрісіне қатысқан «United Citizens Fund» Қоғамдық қоры төрағасы А.Қалназаров мұндай шараларды көптеп ұйымдастыру керектігін айтты, деп хабарлайды silteme.kz АА.

"Астаналық тіл басқармасы қолдауымен жүргізіліп жатқан "Bilimmen bolis" қоғамдық лекциясына қатыстық. Форматы да, шақырылған спикер де ұнады. Формальды жиындардағыдай емес, сөздің тура мағынасында көп нəрсе алып қайттық. "Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз" деген осы да", - деп атап өтті ол.

"Келушілердің дені жастар екен. Бұл да болса көңілге қуаныш ұялатады. "Көрсем, білсем" деген жас қашан да сый-құрметке лайық. Спикер болған Əлихан ағамыз да шешен десе шешен, білікті де білімді кісі ғой. Мемлекеттік басқару, саяси мəдениет, ұлттық жəне шетелдік менеджменттің ерекшеліктері туралы айтқандары өте тұщымды шықты. Əсіресе, "Заңы нашар болса да мемлекеттік қызметшілері мықты елдің мəселелері оңғарылып тұрады. Керісінше, заңы мықты, ал қызметкерлері нашар елдің ісі кері кетіп тұрады. Біз осының тиімді теңгерімін табуымыз керек" дегені көкейге қонды. Ұйымдастырушыларға көп-көп рахмет. Біз де өз тарапымыздан жаңадан осындай ағартушылық жобаларды қолға алуды көздеудеміз", - деп түйіндеді сөзін Қор төрағасы.

Айта кетейік, дәріс осымен үшінші мәрте өткізіліді. Бұдан бұрын Саясат Нұрбек Астана қаласының білім беру және жұмыспен қамту жүйесі туралы, Шыңғыс Мұқан мемлекеттік даму туралы әңгімелеген болатын.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер