Еуразия Медиа форумына Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци қатысады
16.05.2018, 09:22

Еуразия Медиа форумына Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци қатысады

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін үш күндік форумға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның  Женевадағы бөлімінің  меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок бар. Ал сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болмақ.   Сондай-ақ, шара барысында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, «New Day Strategy» компаниясының басшысы, саяси стратег Роджер Фиск, журналист, саясаткер, құқық қорғаушы Андрей Бузаров, Zaborona.com  жобасының негізін қалаушы, тележурналист Катерина Сергацкова, «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар сынды саясаткерлер мен журналистер сөз сөйлейтін болады.

Онда заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыланады.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер