Елбасы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады
14.02.2018, 11:25

Елбасы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады

Елбасы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады www.inform.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Президентіне елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімделді.

"2017 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге жуық артты. Өнеркәсіп 7 пайызға өсті. Соңғы бес жыл ішінде 46 индустриалдық жоба бір триллион теңге кіріс әкелді", - деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғаны туралы баяндалды.

"Өткен жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген еді. Біз қазір жеке инвесторлар мен ұлттық компаниялар есебінен қаланың төрт ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді Астана қаласының әкімі.

Әсет Исекешев Нұрсұлтан Назарбаевқа елордадағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы мен Астана маңында жаңа жолдар салу жоспары жөнінде мәлімдеді. Елбасы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады.

Мемлекет басшысы елордада басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарды оң бағалады.

Қазақстан Президенті кездесу соңында нақты тапсырмалар берді.

©inform.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер