Оңтүстік Кореяда Пхеньянға қарсы наразылық шарасы өтті
09.02.2018, 09:04

Оңтүстік Кореяда Пхеньянға қарсы наразылық шарасы өтті

Оңтүстік Кореяда Пхеньянға қарсы наразылық шарасы өтті azattyq.org

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында 8 ақпан күні бір топ адам Солтүстік Корея саясатына қарсы наразылық өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Наразылыққа шыққандар Солтүстік Корея туын таптап, осы елдің лидері Ким Чен Ынның портреттерін жыртып, өртеді.

8 ақпанда Каннын мәдени орталығында Солтүстік Корея музыкалық оркестрінің олимпиада алдындағы концерті болды. Наразылық шарасы осы концерт алдында өтті. Қарсылыққа шыққандар Солтүстік Кореядегі режимді сынап, олардың олимпиадаға қатысуына қарсы шықты.

Қарсылық болған Каннында биылғы қысқы олимпиаданың коньки, керлинг, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей жарыстары өтеді.

8 ақпанда Солтүстік Корея Пхеньянда әскери шеру өткізді. Бұл парадқа осы елдің лидері Ким Чен Ын қатысты.

Желтоқсанда екі Корея билігінің кездесуінен кейін Ким Чен Ын ел спортшыларының олимпиадаға қатысатынын мәлімдеген. Екі Корея спортшылары ашылу салтанатында бір ту астында шығады. Ал шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы жарысқа біріккен Корея құрамасы қатысады.

Пхенчхан олимпиадасы 9-25 ақпанда өтеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер