Сирияаралық келіссөздердің раунды Венада өтеді
18.01.2018, 09:04

Сирияаралық келіссөздердің раунды Венада өтеді

Сирияаралық келіссөздердің кезекті раундын өткізу қауіпсіздікке байланысты Женевадан Венаға ауыстырылды. Сирияаралық келіссөздердің кезекті раундын өткізу қауіпсіздікке байланысты Женевадан Венаға ауыстырылды, деп хабарлады "Интерфаксқа" дереккөз.

"Келіссөздерді Венаға ауыстыру логистикалық себептерге байланысты. Швейцарияда қаңтардың аяғында Давоста форум болады, бұл екі ірі шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету көп күшті қажет етеді ", - деді дереккөз.

Агенттікпен әңгімелесушінің айтуынша, сирияаралық келіссөздердің жаңа раундының өту мерзімі Давостағы экономикалық форумның өту мерзімімен қатар келуі мүмкін. 

Форум 23 қаңтардан 26 қаңтарға дейін өтеді деп жоспарланған.

Дереккөз: today.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер