Мырзатай Жолдасбеков: Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға әрбір қазақстандық атсалысуы тиіс
10.01.2018, 17:00

Мырзатай Жолдасбеков: Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға әрбір қазақстандық атсалысуы тиіс

Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талқылауға мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және педагогтар жиналды. Онда мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков Жолдаудың басым бағыттары жөнінде пікір білдірді.

«Мен өзім 1997 жылдан бері жарияланып келе жатқан Жолдаулардың куәсімін. Онда әр жылдары елге керекті жаңалықтар айтылады. Биылғы жолдау - Елбасының 2050 стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдары және әлемде жүріп жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның дамуына арналып отыр. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік мәселелері, зейнетақы жүйесі, білім мәселесі де қамтылған. Бұрын Елбасы білімді дамыту керек десе, енді қазақстандық білімнің негізін қалау қажеттігін баса айтты. Мәдениет, идеология мәселесіне де ерекше көңіл бөліп отыр. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы осы жолдауды жүзеге асырудың кепіліне айналуы керек. Әрбір қазақстандық Жолдаудағы міндеттерді орындауға атсалысуы тиіс», - деп атап өтті Жолдасбеков ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен Қоғамдық кеңес отырысында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Биылғы Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне» арналып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер