Елбасы жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесті
22.12.2017, 19:12

Елбасы жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесті

Елбасы жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесті Астана қаласы, «Нұр Әлем» сферасы

Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Астанада өткен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты.

Елбасы еңбек миграциясы, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асырудың нәтижелері жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының жеке тұлғасына қатысты сауалдар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2017 жылғы 25 желтоқсанда республикалық телеарналар арқылы көрсетілетін болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер