Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін қайтадан кинотеатр ашылмақ
12.12.2017, 11:31

Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін қайтадан кинотеатр ашылмақ

Сауд Арабиясы билігі 2018 жылдың наурыз айында елде қайтадан қоғамдық кинотеатрлар ашатыны туралы жариялады, деп хабарлайды КТК.

Ақпарат көзінің дерегінше, бұл елде  кинотеатрға 1980-жылдардың басында тыйым салынған.

«Аудиовизуалды БАҚ  бойынша негізгі комиссия кинотеатр ашуға  лицензия бере бастады» - деп мәлімдеген Сауд Арабия Мәдениет және ақпарат министрі Аввада бен Салех Аввада.

«Кинотеатрлардың ашылуы экономикалық өсу мен әртараптандыруға ықпал етеді. Мәдениет секторын кеңейте отырып, біз жұмысқа орналасу мен оқытуда жаңа мүмкіндіктер жасаймыз және көңіл көтеру көлемін кеңейтеміз» - де жазылған министр мәлімдемесінде.

Бұл қадам Король ханзадасы Мохаммед бен Салманның кең ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформаларының бір бөлігі болмақ. Атап айтқанда, «Келешек 2030» тұжырымдамасының аясында 2018 жылдан бастап Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге және  спорттық іс-шараларға қатысуға рұқсат беріледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер