Қазақтілді БАҚ-тың халыққа ықпалы күштірек - Т.Калеева
04.12.2017, 08:28

Қазақтілді БАҚ-тың халыққа ықпалы күштірек - Т.Калеева

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында осылай деген, деп хабарлайды silteme.kz.

Ол басылым тілшісінің «Қазақтілді БАҚ-тың 99 пайызы мемлекеттік тапсырыспен күн көреді. Соңғы жылдары сындар­лы сараптамалардың азайып кетуін, жалпы, қазақтілді БАҚ-тың мазмұнының жеңілдеп кетуін осы – мемлекеттік тапсырыстан көреміз бе?» деген сауалына:

«Меніңше, қазақтілді БАҚ-тың халыққа ықпалы күштірек. Сол себепті де билік тарапынан оған деген қысым да, бақылау да күшті сияқты. Бәлкім, мемлекеттік тапсырыстан берілетін қаржы мол болғандықтан, олардың жаңаға ұмтылуына, оқырмандарды іздеуге талпынуына әсер етіп жатқан шығар. Қалай дегенмен де орыстілді басылымдардың ресейлік ағайындары оларға көбірек бағыт-бағдар берді. Оқырманы да мол. Мәселен, «Форбс-ты» алайық. Ол жаңадан пайда болған басылым емес қой. Ресейлік басылымның қазақстандық аналогына айналды» деп тұжыра атап өткен.

Айта кетейік, «Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер