Показать содержимое по тегу: ғұндар
«Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңғаз, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді».
Аттиланың мақсаты – Рим-Византия империясының мызғымас билігін жою болды. 451-жылғы 22 маусымдағы Каталун даласындағы (солтүстік-шығыс Франция) шешуші ұрыста ғұндар Римнің біріккен әскерінің шебін бұза алмады. Ғұндар бір орында тұрып қалды. Үлкен әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиындықтар пайда болды. Аттила тез арада тәуелді-одақтас әскерді таратып жіберуге мәжбүр болды.