жер кодексі

Показать содержимое по тегу: жер кодексі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz.

 
Депутаттар алдында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жер кодексіне енгізілетін жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескергенін айтты.

"Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру сақталады. Жер кодексіндегі тәртіпке сәйкес ауыл шаруашылығындағы жерлерді жалға беру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсты өткізу үшін xабарламаны БАҚ-та, әкімдіктердің және ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерде жариялау қарастырылады. Бұл конкурсқа қатысушыларға тең мүмкіндік береді. Конкурстың комиссия құрамына жалпы санының 50 % құрайтын қоғамдық кеңестер және Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады", - дейді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша,конкурсқа қатысушылар үшін ауыл шарауашылығы өндірісін жүргіуздің бизнес-жоспары және бірнеше міндеттемелері болуы тиіс.

"Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін "бір қолға" беруге жол бермеу мақсатында алқаптар бойынша республика, облыс және әкімшілік аудандар шегінде белгілеу қарастырылады. Заң жобасымен мемлекеттік шекараның белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған. Онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады", - дейді вице-министр.

Бек ТӨЛЕУОВ

 
Опубликовано в Экономика

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Опубликовано в Саясат жүзі

Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қатысты, деп жазады "Түркістан" газеті тілшісі.

Опубликовано в Саясат жүзі

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер