Біз қорғанушы ғана емес, шабуылдаушы халық болғанбыз - Абылайхан Қалназаров
14.12.2018, 12:24

Біз қорғанушы ғана емес, шабуылдаушы халық болғанбыз - Абылайхан Қалназаров

«Дала академиясының түлектері» атты республикалық конференциясында «United Citizens Fund» ҚҚ төрағасы, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров ендігіде өз тарихымыз бен өркениетімізді еуроцентризмнен ада 5 ұстаныммен қарастыруымыз керектігін айтты, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Оның айтуынша, Ұлы Дала тұлғалары әлемге негізінен жиһангерлігімен танылған және олар тек әскери жағынан қолбасылар ретінде біржақты қарастырылады. Осылайша, олардың білімі мен білігі, мәселенің білімдік жағы қалыс қалады.

«Еділ қаған, Күлтегін мен Тоныкөк, Шыңғыс пен Темірлер, одан бергіде қаншама хандар мен бектер ғылым-білімнен кенде болмаған. Аталарымыздың басқалардан алапасының артқаны, ең алдымен, білімі мен білігінің, ойлауының артықтығы, дала жұртының сол замандардағы озық технологияларды меңгергендігінің арқасы. Үстімізден «Жібек жолы» өтті деп жатамыз. Осындай мықты транзиттің жанында отырып, ордалы елдің мәдениеттен кенде қалуы мүмкін емес. Біз өркениеттердің диалог алаңы едік. Ал бұл алып қана қоймай, өзіңнің түрлі ноу-хауларыңды нарыққа шығаратын табысты орын еді», - дей келе, А.Қалназаров ендігіде тарихымыз бен мəдениетіміз, өркениетімізге келесідей 5 ұстаныммен қарау керектігін айрықша атады.

Біріншіден, біз қорғанушы ғана емес, шабуылдаушы халық болғанбыз.

Екіншіден, біз қиратушы ғана емес, салушы халық болғанбыз.

Үшіншіден, біз тұтынушы ғана емес, өндіруші халық болғанбыз.

Төртіншіден, біз өркениеттен алып қана қоймай, дамуына үлес қосқан халық болғанбыз.

Бесіншіден, біз геосаяси əлемде көрермен ғана емес, негізгі ойыншы халық болғанбыз.

Айта кетейік, аталмыш конференция ҚР Тәуелсіздік күні, Астана қаласының 20 жылдығына орай «United Citizens Fund» қоғамдық қорының қолдауымен ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты және «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды. 

Шара соңында еліміздегі білім мекемелері арасында ұйымдастырылған «Жылдың үздік ұстазы – 2018» атты республикалық байқауының «Еңбек жолым және білім берудегі жаңашыл тәсілім» тақырыбына жазылған үздік эсселер жинағы таратылып, аталған байқау жеңімпаздары марапатталды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер