Рио2016

Показать содержимое по тегу: Рио2016

Міне, төрт жылда бір келетін олимпиада өз мәресіне де жетті. Біздің еліміз 3 алтын, 5 күміс, 9 қоламен 22-ші орынға тұрақтады. Әрине жаман көрсеткіш емес. Боксшы Д.Елеусіновтың, жүзуші Д.Баландиннің, ауыр атлетші Н.Рахымовтың алтыннан алқа тағынып, әнұранымызды бүкіл әлемге шырқатқан кезінде жүрегі елжіремеген қазақ жоқ шығар.

Опубликовано в Бокс

Бұл туралы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші қыз Жазираның әкесі Әбдірахман Жаппарқұл "Замана" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтқан. 

Опубликовано в Тіл

Рио-де-Жанейро Олимпиа­дасына эстониялық әйелдер командасының құрамында 30 жастағы үшемдер қатысады, деп хабарлайды zamana.kz. 

Олар – Лили, Лийна және Лейла Луйк, марафондық жүгіруде өнер көрсетеді.

Молдова құрамасындағы ядро лақтырудан жарысқа түсетін Марина Никишенко, Залина Маргиева мен Сергей Маргиев бір-біріне әпке-іні болып келеді. Сондай-ақ бұл құрамада Сергей және Олег Тарновский есімді аға­йынды жігіттер де бар.

Жалпы, Олимпиадаға қатысатын егіздер баршылық. Біздің Қазақстан құрамасы қатарында синхронды жүзуден сайысқа түсетін Екатерина және Александра Немичбар. Ресей командасында триатлоннан ағайынды Дмитрий мен Игорь Полянскийлержарыс­қа қатысады. Сондай-ақ Ресей құрама командасының қатарында 17 жастағы егіз гимнасттар – Дина және Арина Аверина өнер көрсетеді.

Сол сияқты, бұл Олимпиадаға Грузия атынан Нино Салуквадзе мен оның 18 жастағы ұлы Цотнэ Мачавариани мылтық ату спортынан қатысады. Беларусь құрамасының қатарында  теннисші Максим Мирный мен оның әкесі – жаттықтырушы Николай Мирный бар.

Бұл жарыстарға Олимпиа­да иесі – Бразилияның синхронды жүзу шебер­лері Беатрис және Бранка Ферес қатысады деп күтілуде. Бұл егіздер Олимпиада өтетін Рио-де-Жанейро қаласында 1988-жылы  өмірге келген.

...Міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы осындай азаматтардың қатысуымен де ерекшеленгелі отыр.

Опубликовано в Жалпы спорт

Күні кеше Рио-Олимпиадасы аясында өткен еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль үшін моңғол балуаны Мандахнаран Ганзориг пен өзбек спортшысы Ихтиер Наврузов белдескен болатын.

Опубликовано в MediaTek

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер