«Мәмбеттер, Алматыға келмеңдер»: Ауылдықтарды қаладан қуған қыз жұрттың ашуына тиді
14.05.2018, 13:40

«Мәмбеттер, Алматыға келмеңдер»: Ауылдықтарды қаладан қуған қыз жұрттың ашуына тиді

Ауылдықтарды қаладан қуғысы келген қыз жұрттың ашуына тиді. Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеода алматылық ару ауыл адамдарын қалаға келтіргісі келмейтінін айтқан. Оның сөзінше, қала тазалығын шет жақтардан келушілер ластауда екен.

«Алматы қаласының «мамбеттері»! Сіздерден біздің әдемі қаламызды былғауларыңызды доғаруларыңызды сұраймын. Ластауға ауыл жетерлік. Сол жаққа барыңыздар» дейді қыз. 
Ол осылайша қала тазалығын сақтағысы келген сыңайлы. Бірақ видеоүндеу ауылдан келген қазақтардың намысына тиген. Аталмыш бейнежазба Facebook парақшасындағы «Жұрт не демейді» тобында жарияланды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер