Показать содержимое по тегу: ҚР ИДМ
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен "KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар ұлттық агенттiгi Қазақстанда Қытаймен бірлесе салынатын 50 кәсіпорынның экономикалық тиімділігі туралы айтып берді.
Мақтарал мен Шардара ауданын жалғап жатқан жол 2017 жылы пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Бұл туралы құрылыс алаңына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді.
Бүгін Астана қаласында Израиль Премьер-Министрі Биньямина Нетаньяху мырзаның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде қос елдің ресми тұлғалары және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Израиль бизнес-форумы өтті. Бизнес-форумды Қазақстан Республикасындағы Израиль Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.
Бүгінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің барлық бағыттарында ілгерілеу бар. Өткен жылы жеңіл өнеркәсіп бойынша 71 млрд. теңге пайда келді, ал осы жылдың алғашқы жарты жылындағы пайда көлемі - 34,7 млрд. теңге. Төмендегі инфографикада осы саладағы өсім, пайда көлемі ретімен көрсетілген.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары киімнен басқа, жиһаз, авиация, автокөлік, химия, электротехника, тағам және өнеркәсіптің басқа да салаларында, ауыл шаруашылығында, күштік құрылымдарда, көлік және денсаулық сақтау салаларында қолданылатын өндірістік-техникалық және арнайы мақсаттағы өнімдер шығаруда. Жалпы 2014 жымен салыстырғанда биылға дейін жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,4 пайызға артқан. Әсіресе, тері өндірісі, тоқыма және киім-кешек өндірісінде қарқын байқалады. Жалпы биылғы 2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп көлемі 347 млрд тг құраған.
Соған қарамастан, әлі де бұл бағытта атқаратын бірқатар мәселелер бар. Олар - контрафактілі өнімдерді нарыққа ендіру жəне жүзеге асырудағы қиындықтар, өнім өндірушілерге бірдей жағдай жасалмауы, тауар жеткізу желілерінің жоқтығы. Өткен аптада дәл осы тақырыпты талқылау үшін арнайы жиын өткіздік. Оған жеңіл индустрия саласындағы әртүрлі компания, бизнес және мемлекеттік орган өкілдері қатысып, жеңіл өнеркәсіпті одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын берді. Болашақта, жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын боламыз.
2016 жылғы 8 желтоқсанда Еуропалық комиссия ресми түрде қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропаға ұшуына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.