Ауғанстан Қазақстаннан рельс сатып алуға ниетті
23.07.2018, 11:36

Ауғанстан Қазақстаннан рельс сатып алуға ниетті

2018 жылдың 17 шілдесінде Ауғанстан Ислам Республикасының Кабул қаласында Қазақстан мен Ауғанстан бизнес өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық жиын өткізілді.

Жиынды Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Шараға Ауғанстан ауыл шаруашылығы вице-министрі, энергетика және су ресурстары вице-министрі қатысып, ресми делегацияны Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы елшісі Э.Есенгелдиев басқарды. Қазақстанның іскерлік делегациясы өнеркәсіптің келесі салаларын ұсынды: азық-түлік, энергетика, құрылыс және монтаждау, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсету салаларында жұмыс істеді. Ауғанстан тарапынан тиісті салаларға 40-тан астам компания қатысты.

Атап айтқанда, ауғандық компаниялар Қазақстанда шығарылған жұмыртқаларды, теміржол металл конструкцияларын, макарон өнімдерін және басқа да тауарларды импорттауға мүдделі. Қазіргі уақытта Қазақстан ауған нарығына 9,7 миллион тауық жұмыртқасын экспорттайды. Биылғы жылдың тамыз айында тауық жұмыртқасының 32% -ын «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не жеткізу жоспарланып отыр. Бұл сауда-экономикалық жиында бизнес сектор Қазақстанда өндірілген тауық жұмыртқасына қызығушылық танытты. Сауданың бұл түрі бойынша тамыз айының соңына дейін жаңа келісімшарттар күтілуде. Сонымен қатар, ауған тарабы Қазақстанда шығарылатын рельстерді, атап айтқанда, Ақтөбе теміржол белдеуі зауытының рельстерін сатып алуға қызығушылық танытуда.

Биылғы жылы Ауғанстан Республиканың солтүстік бөлігінен орталық бөлігіне дейін 2000 шақырымнан астам теміржол салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ынтымақтастық және келешек жеткізу көлемі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер