Ызғарлы жел соққанда, біз қоршау емес, жел диірмендер салдық - Н.Назарбаев
16.12.2017, 15:29

Ызғарлы жел соққанда, біз қоршау емес, жел диірмендер салдық - Н.Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда «Нұрлы жол» бағдарламасының келешектің инфрақұрылымдық дайындығын қамтамасыз еткен әрі дағдарысқа қарсы шешім болғанын атап өтті, деп хабарлайды akorda.kz.

– Ызғарлы жел соққанда, біз қоршау емес, жел диірмендер салдық. 7 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің жаңа 24 секторы пайда болды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімділігі нысандар санымен емес, тұтас салалар санымен өлшенеді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мемлекеттің әлеуметтік функциясын нығайтудың кепіліне айналған экономикалық өзгерістердің табысты болғанына ерекше назар аударды.

– Халқымыздың саны тарихымызда бірінші рет 18 миллионнан асты, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Қазақстан биыл бастауыш білім беруді қамту ауқымы жөнінен әлем бойынша төртінші орынға шықты. Өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға өсіп, 72,5 жасты құрады. 1,1 миллионнан астам отбасы баспаналы болды, – деді Қазақстан Президенті.   

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер