Етті емес, макаронды көбірек тұтына бастаппыз
01.12.2017, 03:38

Етті емес, макаронды көбірек тұтына бастаппыз

Қазақстан халқы етті қойып, жаппай ма­карон тұтына бастаған. Оған биылғы тоғыз айдағы статистика дәлел, деп жазады "Жас Алаш" газеті.

Ресми дерек бо­йынша, макарон өніміне сұраныс өткен жыл­ мен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Ал кондитерлік өнімдердің сатылымы, керісінше, азайып кеткен.

«Сонда халық кедейленіп бара ма?» деген сауалға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: «Жоқ, мен сіздерге басқа мәлі­мет бере аламын. Негізі, ет өнімдерін де бізде өте жақсы тұтынады», – деп жауап берді. Ал әлеуметтанушылар «макаронға де­ ген сұраныстың артуы халықтың әлеуметтік жағдайының төмендегенін көрсетеді» деп отыр, деп түйіндеген басылым.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер