Жол саласындағы жаңа технология жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
05.10.2016, 22:30

Жол саласындағы жаңа технология жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Елордада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ермек Қизатов пен «Ресей автомобиль жолдары» мемлекеттік компаниясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Иннокентий Алафинов жаңа технологияларды енгізу және жол құрылысы саласы бойынша келісім мен әріптестік меморандумына қол қойды.   

Мұнан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ пен «РТ-Инвест көлік жүйелері» ЖШС арасында да меморандум жасалды. Сол арқылы компания өкілдері тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және шекарадан кедергісіз өту мақсатында Қазақстан аумағындағы транзиттік көліктерге орнатылған «Платон» төлем жинау құрылғысын жан-жақты қарастыруға келісті.

«Бүгінгі құжаттарға қол қоюымыз біздің компаниялар үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде стратегиялық бизнес әріптестік құрудың және даму кезеңінің басталуын білдіреді», - деді Е.Қизатов.

Ал Ресейдің Көлік министрі Максим Соколов мұндай келісімге қол қою өте маңызды шара саналатындығын баса айтты.

«Платон» жүйесі операторы мен «ҚазАвтоЖол» ҰК арасындағы ынтымақтастық біздің мемлекеттер аумағында ортақ көлік кеңістігін құруға мүмкіндік беріп, тауар айналымын арттыру үшін кедергілерді жояды және тауарлар жеткізу жылдамдығын арттырады», - деді ол.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Ресей автомобиль жолдарын жобалау, қайта жаңғырту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сонымен қатар ірі өңірлік инвестициялық жобалар бойынша жолдардағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен интеллектуалды көлік жүйесін енгізу әрі пайдалану саласында ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер