Қазақстан-Қытай индустриялық - инновациялық ынтымақтастығы жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді
05.09.2016, 16:25

Қазақстан-Қытай индустриялық - инновациялық ынтымақтастығы жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында индустрияландыру мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатқан қазақстандық-қытайлық жобаларға қатысты негативті жарияланымдар шыға бастады.

Бірінші кезекте Қытайдың әлемдік деңгейдегі маңызды әрі ірі инвесторлардың бірі екенін атап өткен жөн. Еуроодақтың дамыған елдері арнайы бағдарламалар әзірлеп, қытайлық инвесторларды тартады. Мұндай жағдайда Қазақстан да әлемдік трендтен қалмай, Қытайдан тікелей инвестиция тартуға қатысады.

Бұл жерде атап өтетін жайт, мәселе қолданыстағы өндірісті көшіріп әкелу емес, керісінше, Қазақстанда заманауи озық қондырғыларды пайдалана отырып, жаңа өндіріс ошақтарын құру. Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 26 млрд. доллар болатын 51 инвестициялық жоба заманауи технологияны қолданатын бірегей өндіріс құруға мүмкіндік береді.

Бұл жобалардың барлығы өңдеу секторы мен инфроқұрылым жобаларын жүзеге асыратын болады. Айталық, металлургия, мұнай мен газ өңдеу, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік және логистика, жаңа технология мен халық тұтынатын тауарлар өндірісі салалары қамтылады.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол, өндірілген тауардың қомақты бөлігі Қытайдың және басқа да елдердің нарығына шығатын болады.

Сонымен қатар, жобаны қаржыландыру үшін капиталдандырумен 2 млрд. АҚШ доллары болатын «Жібек жолы» бірлескен қоры құрылды. Аталмыш қорды Қазақстан мен Қытай бірлесіп басқарады.

Ірі әрі маңызды жобалардың арасында мыналар бар:

- Қазіргі уақытта Алматы қаласында салынып жатқан «AsiaSteelPipesCorp» ЖШС зауыты. Бұл зауытта қуаттылығы 150 мың тонна болатын үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар жасалатын болады. Зауыттың бұл өнімі тек қазақстандық мұнайгаз секторын ғана емес, Кедендік одақ, Орталық Азия, Иран мен Кавказ нарығының сұранысын да қамтамасыз етуге жетеді.

- 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында «KazMinerals» АҚ мыс қорыту зауыты құрылысы басталады. Оның қуаттылығы - жылына 300 000 тонна мыс өндіріледі. Аталмыш жоба Қазақстанның ірі мыс қорыту хабына айналуына септігін тигізеді.

- Екінші кезектегі электролиз зауытының құрылысы бастапқы алюминий өндірісі үшін құрылмақ. Бұл жоба Қазақстанда өндірілген топырақты алюминий тотығын 85%-ға дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ол шикізат ретінде тасымалданады.

- Бұған жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге мүмкіндік беретін біріктірілген газды-химиялық кешенді қосуға болады.

Жүзеге асырылған және қолданыстағы жобалардың қатарында:

- DKD әдісімен (ірі торапты әдіс) «JAC» маркалы жеңіл көліктерді жасау жобасының бірінші кезеңі ойдағыдай жүзеге асырылды, оған 40 млн. АҚШ доллары жұмсалған (2015 жылы 700 жеңіл автокөлік шығарылған, 2016 жылға CKD әдісімен (ұсақ торапты әдіс) жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру жоспарланған). Екінші кезең қазақстандық үлесті 50%-ға дейін жеткізуге және қазақстандықтарға құзіреттерді беруге мүмкіндік туғызады.

Жалпы, Қазақстан үшін басты міндет – қазақстандықтар үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын ашу. Қазақстан-қытайлық бірлескен индустриалдық-инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру 2022 жылға қарай қазақстандықтар үшін 15 мың жұмыс орнын ашуға жағдай туғызады. Қазіргі кезде іске асырылған жобалар шеңберінде  600 жұмыс орны ашылды.

Жаңа өндірістер Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік ашылатын болады. Негізгі бөлігі 2016-2017 жылдары басталып, 2018-2022 жылдары аяқталады.

Қазақстан жоғары технологиялық жаңа өндірістерге қол жеткізіп, жаңа жұмыс орындары мен салық түсімдерін алады, сондай-ақ қазақстандық мамандардың біліктілігін арттырып, дайын өнімдердің өтім нарығына қол жеткізеді. Ал Қытай өз халқы мен өндірісі мұқтаж тауарларға қол жеткізеді.

АНЫҚТАМА:

Басты хабарламалар мен статистика:

Индустрияландыру мен инвестициялар салаларындағы әріптестік шеңберінде қазақстан-қытайлық бірлескен жобалар заманауи жабдықталған жаңа өндірістер ашуды көздейді. Барлық жобалар Қазақстанның қоршаған ортасына ықпалын бағалаудан өтуі тиіс және де қазақстандық экологиялық  стандарттарға сәйкес болуы шарт. Өндірілген өнімнің бір бөлігі Қытай мен өзге елдерге экспортталады. Қазақстанда бүгінгі күні шетелдік үлесі бар 36 841 заңды тұлға тіркелген. ҚР ҰЭМ Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, олардың 2587 (7%) жуығы қытайлықтардың қатысуымен құрылған заңды тұлғалар, өкілдіктер мен филиалдар болып табылады. KAZNEX INVEST-тің мәліметінше, қазіргі кезде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы соммасы 76,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 375 инвестициялық жоба жұмыс үстінде. Олардың 79-ы (21%) қытайлық компанияларға тиесілі. Құны - 27,9 (37%) млрд. АҚШ долл. ҚР ҰБ ақпаратына сәйкес 2006 жылдан 2016 жылғы 1 тоқсан аралығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторалардан 218,8 млрд. АҚШ доллары тартылған, олардың ішінде ҚХР-ге 13,2 (6%) млрд. АҚШ долл. тиесілі. Қазіргі таңда ҚХР-дің ірі инвесторлары қатарында мұнай-газ компаниялары бар, мысалы China National Petroleum Corporation. Ал Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастығы бағдарламасы қытайлық инвесторларды экономиканың шикізат емес секторларына тартуға мүмкіндік береді. Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастығы аясындағы 51 бірлескен жобаның 42-де қазақстандық тарап мажоритарлы акционер болып табылады, 23 жобада қытайлық тарап тек мердігер немесе қондырғыларды жеткізуші ретінде қарастырылған. Оның үсітен, сатып алушы қызметтер мен қондырғыларды арзандатылған мөлшерлемемен сатып алатын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер