Қарағанды облысында 40-қа жуық адам отырған автобусқа «қарақшылық шабуыл» жасалды, деп хабарлайды baq.kz.
Показать содержимое по тегу: содырлар
«Оразадағы ойран» деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген. |
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның денесі тітіркенеді. Осыдан-ақ Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың бейқам көңілді баланы да аямағанын байқаймыз. Осы күнге дейін еш жерде көрсетілмеген бұл бейнекадрларды «Оразадағы ойран» атты деректі фильмде қолданған. Жергілікті билік пен құзырлы органдар туынды арқылы маусымдағы лаңкестік оқиғаның қалай болғанын және басты кейіпкердің кім екенін ашық жариялауды жөн деп шешіпті.
Қару-жарақ дүкенінен бастап, әскери бөлімге де шабуыл жасағандар сол күні Дмитрий Таңатаровтың шілдеханаға шақырғанын айтады. Жалдамалы пәтерде дәм ауыз тигізіп, бір сағат бойы жиһад жайында уағыз айтыпты.
"Тамақтандырған соң телефондарын алып алған. Кейін өшіріп тастаған" дейді Асхат Рахметов.
Қазір лаңкестер атысқа не итермелегенін нақты айта алмайды. Бірі уағызға ұйығанын айтса, бірі су ішкен соң есімізден адастық деп отыр. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткені содырлардың қан құрамынан естен тандыратын амфетин мен петанил табылған. Десе де, олар хақ діннің жолынан тайғандарын мойындайды.
"Намазда жүрген бауырларға айтарым, қателеспеңдер. Адам өлтіріп, жәннатқа түсу мүмкін емес" деді содырлардың бірі Әлібек Ақпанбетов көзіне жас алып.
Содырлар осылай деп, көздерінен жастарын сорғалатып, халықтан кешірім сұрады. Енді өкінгенімен атыста тірі қалған жетеуі өмір бойы бостандық көрмейді. Әйтсе де еркіндікте қалған балалары үшін алаңдайды екен.
"Отырмын алдарыңызда. Мама, кешір. Балаларыма қарашы" деп жылап жіберді Бақыт Қуанышбаев та.
«Оразадағы ойран» деп аталатын бұл деректі фильм Ақтөбедегі жергілікті арналар мен ғаламтордағы сайттар арқылы көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік енді оны жастар арасындағы лаңкестікпен күресу құралы ретінде қолданбақшы. Ол үшін аймақтағы барлық оқу орындарында көрсетіледі.
ДАИШ террористік ұйымы содырлары сақалдарын қырып, Мосул қаласын тастап қаша бастады деп хабарлайды e-islam.kz.
Сириядағы соғысқа қатысып, туған елі – Тәжікстанға қайтып оралған тәжік жігіті Фаррух Шарифов өзінің қателігін ешкім қайталамаса екен деп тілейді. Душанбедегі Кохи Джоми концерт залында Худжант қаласының 25 жастағы тұрғыны Фаррух Шарифовпен өткен арнайы кездесу Тәжікстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған. Жиында жас жігіт бір ай Сирияда болып қайтқанын және «ИШИР» ұйымынан қатты көңілі қалғанын айтып берді.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13