Показать содержимое по тегу: орман
Ақтөбе облысында киік санағы басталды. Алдымен Үстірт даласындағы жануарлар басты назарға алынады. Өткен жылы ақбөкендер саны елімізде шамамен 152 мың болса, оның тек үш мыңға жуығы осы Үстіртті мекендейді екен. Жалпы мамандар соңғы жылдары киік санының артып келе жатқандығын айтады. Иен далада қозғалған қараны лезде байқайтын қорықшылар санақ жүргізгенде керек-ақ. Үстіртті де бес саусағындай біледі. Сондықтан есептеу әдісін санаулы минуттарда игеріп, көп айналмай ұшақ Маңғыстау облысына қарай бет алды. Үстіртті мекендейтін киік Бетпақ даласы мен Орал популяциясынан әлдеқайда аз. 2015 жылғы жаппай қырылғаннан кейін бұл жерде шамамен үш мың бас ақбөкен қалған. Жануарлардың бейқам жайылып, еркін төлдеуіне де кедергі көп.
Қазақстанда қалың орман жоқ. Қағазды негізінен Ресейден аламыз. Қанша көршіміз, мәңгілік доспыз десек те Ресей өз қағазын тегін бермейді. Жыл сайын қағаз құны қымбаттайды. Бір ғана осы қағаз саудасы арқылы біздің ел орыс орманының орнын нақты ақшамен толтырып отыр.
Ресейдің Свердлов облысында құтқарушылар орманда тәулікке жуық уақыт адасып жүрген екі жасөспірім баланы іздеп тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖМ басшылығының сайты.
Үндістанның шығысында «Majuli» дейтін арал бар. 1900 жылдан бері климаттың нашарлауынан бұл аралдың экологиясы қатты өзгеріске ұшырап, арал территориясы қу медиен шөлге айналғандықтан мұндағы жабайы аңдар топ-тобымен мекенінен алыстады.