Показать содержимое по тегу: Сараптама
Цифрлы дәуірдің жетістіктерін ел өміріне енгізуге талпыныстың бір көрінісі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. 2020 жылға қарай интернет қолданушылардың үлесін 78 пайызға жеткізіп, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін арттыруды көздеген бағдарламада ауылды өңірлерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мәселесі де бар. Ел Президентінің «Цифрландыру – Қазақстан экономикасын 30 пайызға өсіріп, бюджетке 2 трлн қаржы көлемінде пайда түсіреді» деген болжамы да шалғай аймақтарға ХХІ ғасырдың басты жетістігінің жолы түспесе, мүмкін болмайын деп тұр. Олай дейтініміз, ауылға жоғары жылдамдықтағы интернеттің келуі жергілікті атқарушы орган, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі мен ауыл шаруашылығы секторының жұмысына жаңа серпін сыйлауы мүмкін.
Орталық Азия – ежелден стратегиялық маңызға ие өңірлердің бірі. XIX ғасырдың соңында КСРО мен Ұлыбритания арасында аталған аймақ пен Үндістан үшін талас туып, оған ағылшын зерттеушісі Артур Конноли «Үлкен ойын» деген атау берген. Содан бері екі ғасыр уақыт өтсе де, алпауыт елдер қатысқан жеңімпазға Орталық Азия өңірін өз ырқына жығып алу мәртебесі бұйыратын «үлкен ойын» аяқталған жоқ, қайта жаңа ойыншылар қосылып, қиындығы мен қызығы арта түсті.
Әлеуметтік желі белсенді қолданушылардың бірі Нұрмұхаммед Байғараев өзінің фэйсбук парақшасында еліміздегі муфтидің ауысуы мысалында қазақстандық БАҚ-қа не жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
«Қазақстан жастарының 40,4 пайызы басқа елдерге кеткісі келеді» деп мәлімдеді Астанада «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, деп жазады "Жас Алаш" газеті.
Pew Research Center америкалық сараптама орталығы еуропалық елдерде 2050 жылы мұсылман халқының көлемі қанша болатыны туралы баяндама жасады, деп хабарлайды kazislam.kz порталына сілтеме жасаған silteme.kz.