Показать содержимое по тегу: Кіріс
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, 4 млрд.теңге қаржы артық түсті. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің кірістері 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.