Показать содержимое по тегу: Жан Ахмадиев
«Арсыз болмай атақ жоқ» немесе «Атың шықпаса, жер өрте». Қазір оның орнына «хайп» деген терминді қолдана бастадық. Елге танылудың ерсілеу жолын таңдағандар елімізде көп-ақ. Бірі «жезөкшелерге» қамшысын ала жүгірсе, екіншісі мыңдаған көрерменнің көзінше төсек төңірегін шиырлап әлек. Ұлттың қан тазалығын сақтаймын деп, қазақ қыздарының жүріс-тұрысын аңдитындар да пайда болды. Олар кім? Нені мақсат тұтады? Qamshy.kz ақпарат агенттігі даңқ пен дақпырттың ара-жігін ажыратпайтын жұлдыздарды бір тізімдеп көрді.
Қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді өзінің әніне қосып айтып жүретін қазақстандық рэпер Жан Ахмадиев енді жезөкшелердің соңына шам алып түсті. Ол Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, бұл сәттің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді.