ШҚО диқандары дәнді дақылдардан рекордтық өнім жинады
17.10.2016, 10:55

ШҚО диқандары дәнді дақылдардан рекордтық өнім жинады

 Жалпы өнім жиынтығы 1 млн тоннадан астып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

- Зайсан, Шемонаиха, Глубокое аудандарында астық жинау көрсеткіштері белгіленген межеден асып түсіп, бір гектардан 20 центнер өнім жиналды. Бұл жергілікті шаруа қожалықтары озық технология тәсілдерін қолданғанын көрсетіп отыр, - деді ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының диқандары жақсы өнім жинап, жоғары көрсеткіштерге ие болды. Шаруа қожалықтары шығынға батпай, астық өнімдерін уақтылы жинап үлгерді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасында өңірдің осындай рекордтық көрсеткіштерге соңғы жылдары ие болмағанын атап өтті.

Астық жинау науқанының қорытындысы бойынша шаруа қожалықтары ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз еткендігі белгілі болып отыр. Артығы көрші елдерге сатылымға шығарылмақ. Алдын ала болжам бойынша биыл бидайдың бір тоннасы 40 мың теңге шамасында саудаланады. Бұл шаруалар үшін өте тиімді баға.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер