24.09.2016, 12:44
3 қазаннан бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып табылады.
3 қазаннан бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар жарамсыз болып табылады деп хабарлайды alashinform.kz
Бұл туралы Ұлттық банк өзінің ресми сайтында жазыпты. Демек 2 аптадан кейін аталған номиналды банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.
Төртінші қазаннан бастап олармен сауда-саттық өзге де қаржылық операцияар жасауға тыйым салынады. Сондықтан банк қызметкерлері осы күнді күтпей-ақ, қолда жүрген осындай ақшаларды айырбастауға кеңес береді. Ал үлгермегендер үшін тағы да бір жыл мерзім белгіленіп отыр. Айырбасталмай қалған ақшаларды қаражат иесі кез-келген екінші деңгейлі банктердің кассасынан жаңасына алмастыра алады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды. Ал азаматтардан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдамаған қаржылық ұйымдарға айыппұл салынбақ. Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы қаржылық қызметтерді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына шағымдануға болады, - дейді Ұлттық Банк өкілдері.
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13