Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалады
26.08.2016, 14:25

Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалады

Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына шамамен 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы қаласын Дамыту орталығы" басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова хабарлады.

Төлегенованың айтуынша, осыған дейін қала құрылысы кеңесіндегілер логотиптің тек сызбасын бекіткен. Ол соңғы нұсқа емес. Оның айтуынша, қазір логотиптің авторлары жұмысты өңдеп, түзетіп жатыр. Енгізілген өзгерістерді Қала күніне қарай көруге болады. "Қазіргі уақытта шығармашылық топ логотипті өңдеп, өзгертіп жатыр. Бұл жұмыстарға шамамен 10 миллион теңге жұмсалады. Қандай да бір идеялар туып жатса, бұл жұмысқа тағы 3 миллион теңге қажет болады. Бұл акционерлік қоғамның бюджеттен тыс жұмсап отырған қаражаты", - деді Жанна Төлегенова. 

"Қазір логотиптің қандай түспен боялатыны және басқа да мәселелер ойластырылып жатыр. Әрине, логотип әлі өңделеді, түзету жұмыстары жүргізіледі. Логотипке ұран жазуымыз да мүмкін. Жұмыс барысында тағы да басқа идеялар пайда болуы мүмкін", - деді "Алматы қаласын Дамыту орталығы" басқармасының төрайымы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер