«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
08.02.2017, 18:40

«ДАМУ» БПҰ МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ МЕН ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

6 ақпанда «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Даму» БПҰ жиналысы болып өтті.

Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, «Даму» БПҰ төрағасы З.С.Сағыновтың төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, сонымен қатар, шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде З.Балиева Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сондай-ақ ол, аталмыш өзгертуге байланысты еліміздің әр азаматының талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Зағипа Яхияқызы ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруда Инвестициялар және даму министрлігінің рөлі маңызды екеніне айрықша тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда еңбектің табысты болуын тіледі.

Содай-ақ, жиналыс барысында БПҰ мүшесі, Транзит және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасының территориясы бойынша транзиттік жүк тасымалдаудың қызметі туралы партияластарын хабардар етті. Ал, жастардың атынан сөз алған Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Данияр Қалимолдаев Мемлекет басшысының бағытын ұстанып, Жолдауды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Аталмыш жиналысқа БПҰ-ның үш жүзден астам мүшесі қатысты.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер