2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАЗАҚСТАН ЛОГИСТИКА ТИІМДІЛІГІ РЕЙТІНГІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕГІ ОЗЫҚ 40 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
03.02.2017, 19:15

2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАЗАҚСТАН ЛОГИСТИКА ТИІМДІЛІГІ РЕЙТІНГІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕГІ ОЗЫҚ 40 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен кеңейтілген отырыс барысында көлік кешенін дамыту қызметі туралы  айтты, деп хабарлайды silteme.kz.

Оның айтуынша, 2016 жылы көлік саласындағы НИК 103,8% құрады.

Қазақстан логистиканың (LPI) тиімділігі бойынша халықаралық рейтингте 88 орыннан 77 орынға көтерілді, ал 2020 жылы әлемдегі озық 40 елдің қатарына кіру жоспарланып отыр.

Қазақстандық әуекомпаниялардың Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған шектеу алынды. Енді ЭКСПО-2017 кезінде туристерге қызмет көрсету үшін Астана қаласына ұшатын әуе рейстердің санын арттыру үшін «ашық аспан» жобасын бастау көзделіп отыр.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, республикалық маңыздағы автожолдың 913 км қозғалыс ашылды, жобаларды іске асыру барысында шамамен 75 мың адам жұмысқа тартылды. 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады.

Жыл соңына дейін 600 км жол пайдалануға беріледі. 2020 жылға дейін 6 мың км жолда ақылы жүйе енгізілсе, оның ішінде 2017 жылы 700 км жол ақылы болады (2020 жылға дейін жыл сайын 30 млрд теңге жиналады). 

Анықтама:

Сонымен қатар, жергілікті автожолдар желісінің 34%  әбден тозған (БҚО-72%, Ақтөбе-52%, Атырау-51%, СҚО-45%). Жылына орташа есеппен алғанда шамамен 2 мың км жол жөнделеді екен, бұл республикалық желіден 3 есе аз. Сондықтан әкімдер өз аймақтарындағы облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлер тасымалы 2 есеге өсіп, 104,6 мың контейнерді құрады (2015 жылы 47,3 мың). 2020 жылға қарай контейнерлік тасымал көлемі 2 млн контейнерге жетеді.

Транзиттік авиажолаушылар саны 2015 жылы 250 мыңнан 2016 жылы 400 мыңға дейін өсті,  2017 жылы 600 мыңға, ал 2020 жылы 1,6 млн жолаушыға жетеді.

Көліктің барлық түрін есептегенде транзиттік тасымалдан түсетін кіріс 2020 жылы 1,3 трлн. теңгеге жетеді (жылына 4 млрд. доллар).

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер