ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТУ ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АРТУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ – Ж.ҚАСЫМБЕК
03.02.2017, 19:04

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТУ ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АРТУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ – Ж.ҚАСЫМБЕК

ҚР Үкіметінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Жетекші салалардың министрлері еліміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын жасады. Индустриалдық-инновациялық даму мәселелері бойынша инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек есеп берді. 

Министр 9 айының ішінде тікелей инвестициялар 4,5 есеге артып, 12,3 млрд. АҚШ долларын құрағанын хабарлады. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес инвестициялар тарту жүйесін өзгерту қолға алынған. Шетелдердегі әлеуетті инвесторлармен – бизнес көшбасшыларымен келіссөздерге соңғы 2 жыл ішінде 12 елдің дүние жүзіндегі аса ірі компанияларынан 300 өкіл қатысқан. Оның ішінде 80 трансұлттық корпорация бар.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында әр жоба бойынша белсенді жұмыс жұргізілуде. Кейбір жобалар бойынша биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Ресей, Иран, Франция және Жапония, Оңтүстік Корея мен Польша, Италия мен АҚШ сияқта басқа да елдермен осыған ұқсас жұмыстар жүргізілуде.   

2017 жылы көлемі 1 миллиард доллар болатын инвестициямен 40-қа жуық жоба іске қосылатын болады. Олардың арасында қоспалы алюминий қорытпалары, электр кабельдері, фармацевтика және басқа да өндірістер бар.

Қазіргі инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау мақсатында биыл Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірге Инвестициялық Стратегия әзірленіп, бекітілетін болады.

Ж. Қасымбек 2016 жылдың 9 айының ішінде тікелей инвестициялар 4,5 есеге артып, 12,3 млрд АҚШ долларын құрағанын хабарлады. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес инвестициялар тарту жүйесін өзгерту қолға алынған. Шетелдердегі әлеуетті инвесторлармен – бизнес көшбасшыларымен келіссөздерге соңғы 2 жыл ішінде 12 елдің дүние жүзіндегі аса ірі компанияларынан 300 өкіл қатысқан. Оның ішінде 80 трансұлттық корпорация бар. 

2017 жылы 1 млрд АҚШ долларына жуық инвестициялар көлемімен шамамен 40 жоба пайдалануға беріледі. Инвестициялар тартудың қолданыстағы жүйесіне өзгерістер енгізудің жалғасы ретінде биыл Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп Инвестициялық стратегия әзірленіп, бекітіледі. 

Сонымен қатар, Ж.Қасымбек 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында құны 878 млрд теңге болатын 130 жоба пайдалануға беріліп, 10 мың тұрақты жұмыс орындары ашылғанын баяндады. Карта жобалары өткен жылы 2,2 трлн теңгеге өнім өндірген. Оның ішінде 1,4 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, бұл жалпы сектордан 18% астамын құрайды. Биыл құны 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асырылады, оның ішінде 25 жоба бірінші жартыжылдықта іске қосылады. Аталған жобалардың арқасында тағы 10 мың тұрақты жұмыс орын ашылады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер