Қазақстанда 1200 шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды
19.12.2016, 12:32

Қазақстанда 1200 шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды

Қазақстанда 1200-ден астам бұрынғы шенеунік мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

«660 лауазымды тұлға еселік айыппұлдарға тартылды. Тек екі жылда осындай айыппұлдарда еселеп төлетуден бюджетке 6 млрд. теңге түсті. Сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін 924 адамға қатысты мүліктік тәркілеу жазасы қолданылды және 1200-і мемлекеттік қызметте жұмыс істеуден өмір бойына шеттетілді»,-деді Шпекбаев.

Сонымен қатар заңнаманы ізгілендіру нәтижесінде Қазақстан дүниежүзілік түрме рейтингінде оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізді.

«1996 жылы Қазақстан түрмеде отырғандардың саны бойынша АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында болды. 20 жылдан астам уақыт өтіп, осы ретте құқықтық жүйеге енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан 3-тен 62-ші орынға орналасты»,-деді агенттік басшысының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, осы жылдары АҚШ екінші орынға жылжыса, РФ тек оныншы орынға жоғарылады. Бұл өз кезегінде Қазақстанда маңызды құқықтық реформалар жүргендігін байқатады. Айта кетейік, бүгінгі отырысқа әлемнің 24 елінен 50-ден астам шетелдік делегациялардың өкілдері қатысуда.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер