Агроөнеркәсіп саласына бөлінген несие үлесі екі жылда екі есе өсіп, экономикадағы барлық несиелердің 9%-ын құраған дейді energyprom.kz мониторинг агенттігі.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, банктер бағытын ауыл шаруашылығын несиелендіруге бұрып жатыр. 2014 жылдан ауыл шаруашылығындағы екінші деңгейлі банктер несиесінің үлесі 5%-дан қазіргі 9%-ға өсті.
Барлығы соңғы 2 жылда агроөнеркәсіп секторындағы несие портфелінің көлемі 67%-ға, 734 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығындағы несие белсенділігінің артуына соңғы 2 жылда «ҚазАгро» ҰБХ ықпалдасқаны аталып өтілді.