Тәуекел Мүсілім өз есімімен аталатын иіссулар шығара бастады
28.09.2016, 10:26

Тәуекел Мүсілім өз есімімен аталатын иіссулар шығара бастады

Қазақстандық актер, модель, әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім өз есімімен аталатын әтірлер шығара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bouquet de Parfums француздық компаниясы Қазақстандағы ресми дестрибьюторы MSLM компаниясымен бірге Tauyekel Mussilim брендімен иіссулар шығара бастады. Қыз-келіншектерге арналған алғашқы әтір “Асылым”, ерлер иіссуы “Кемел” деп аталды.

Олар Қазақстан дүкендеріне сатылымға 1 қазан күні түседі деп жоспарлануда. Бірақ Тәуекел Мүсілімнің компаниясы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыстарды қабылдау үстінде. Қазақстандық брендпен шығарылатын тұңғыш әрі жалғыз француздық парфюмериялардың бағасы 11 900 теңге. 

Тележұлдыз өз туындыларының таныстырылымын жуырда Астанада, Алматыда, Бішкек пен Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр.

Ол Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерін тұсаукесерге қатысуға және жеңілдікпен берілетін алдын ала тапсырыстарды жасауға шақыруда

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер