Байлық кілті неде?
10.05.2019ж.

Байлық кілті неде?

Қазіргі уақыт - өмірдің рахатын сезініп, бар мүмкіндікті  пайдаланатын сәт. Жалпы, қоғамда болып жатқан проблемалар, экономика саласында орын алып жатқан келіспеушіліктерге  қарамастан,  адамзат өмірін, жақсылықпен, өкінбейтіндей етіп, артында  із қалдырып кетуге жол нұсқаушы боламыз деп айтсақ та болады.

Мен 18 жасымда орта мектепті толығымен аяқтаған жоқпын. Алғашқы  жұмысым кішкене қонақүйдің артқы  жағында ыдыс жуушы  ретінде болды. Кейін вагондарды ,  едендерді дәретханаларды жуушу ретінде жұмыс істедім. Алдағы бірнеше жылда, әр түрлі жұмыстарды істедім. Бірақ ешқашан да  бір нәрсеге мұңайып, реніш білдірген емеспін. Тіпті , ағаш таситын мекемелерде де, шаруашылықта да  жұмыс жасадым. Жоғары ғимараттарда құрылысшы болыпта, Солтүстік Атлантикадағы Норвегияның жүк вагонында, теңізші  болыпта жұмыс істедім. Көлікте, арзан үйлерде жиі ұйықтайтынмын. Содан не керек, 23 жасымда, егіншілікте, егін жинау науқанында болып, жұмыс жасап жүрдім. Сол кездері шаруа қожалығындағы адамдармен бірге тамақтанып, шөптің үстінде ұйықтайтынбыз. Күшті, тұрақты жұмыс таба алмасамда осыған дейінгі істеген жұмыстарым, менің өсуіме, алдағы уақытта жақсы жұмыс табуыма себепші болды. Кейде күні бойы сауда жасап, тапқан ақшамды кешке жататын жерге, үйге  төлейтінмін.

 Психолог Сидни Джурардтың айтуынша, өмірдегі бақыттың 85 пайызы толығымен сіздің адамдармен қалай  қарым-қатынас жасағаныңызға байланысты болып келеді. Достарыңызға , жақындарыңызға уақыт бөлу , өзара қарым-қатынас жасау арқылы күнделікті көңіл күйіңіздің көтеріңкі болуына, өзіңізді жайлы , еркін сезінуге  ықпал жасай  аласыз. Ал бақытыңыздың  қалған 15 пайызы сіздің жетістіктеріңізден келеді. Өкінішке орай адамдардың көбісі бұны  шындық ретінде қабылдағысы келмейді. Мансапта жетістікке жетуде, табысты болып, бақытты сезінуде адамдармен араласуда  жеке қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін түсінбей жатады. Осы құндылықты түсінбеудің салдарынан , мардымды, керекті деген дүниенің бәрінен айырылады. Бірақ бұл ретте адамның қалауы, мансап бәрі де уақытша болуы да  мүмкін.

Бүгінгі таңда Америкадағы ең үлкен жетіспеушілік - бұл уақыт. Халықтың көпшілігі «уақыттың жетіспеулігі» деп аталатын нәрседен зардап шегеді. Барлығына бірдей әйелдер мен ерлердіңде негізгі проблемалары өздері қалайтын іске уақыттың жетіспеушілігі, артық уақыттың болмауы. Сондай-ақ қазіргі таңда адамдардың көпшілігін ашуға тез берілетін, стрессстің басымдылығын қатты қабылдайтын, бір сөзбен айтқанда жүйкесі жұқарған. Жұмысты істеу салдарынан және оны жауапкершіліке алып, кейін жұмысты дұрыс, жақсы нәтижеде істей алмау салдарынан туындайды.  Бұл орайда уақыттың жетіспеушілік себебін нақты ойлап, ақылмен жұмыс жасау керек. Негізінде адамдардың көбісі нақты іске емес , ойлауға уақытын көп жұмсайды. Дұрыс, нақты деген шешімді бір қабылдап, сонымен жұмыс жасау керек.

- Негізгі проблеманы анықтаңыз. Дұрыс анықталған проблеманың жартысы шешіледі. Ол  дегеніміз проблеманың нақты шешілгені  қаншалықты уақыт алатыны басты мәселе.

- Идея байлықтың көзі. Қазіргі таң ақпарат ғасыры. Өміріңіздің соңына дейін идеялар байлықтың негізгі көзі болмақ. Идеялар әрбір қиындықты шешудің кілті. Кез келген мақсатқа жетуде өте маңызды орын алады. Ал жаңа идеяларға деген қабілетіңіз үлкен шексіздік. Жетістікке жету үшін өзіңізге шексіздік орнатыңыз.

- Ешкімде , ештеңе сізден мықты , ақылды емес. Олар  баюдың жолын, істі тек сізден ерте бастаған.

Аударған: Ардақ Серік

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер