Қ.Айтуғанов: Биыл 161 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
22.08.2016, 23:29

Қ.Айтуғанов: Биыл 161 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Облыс әкімдіктерінің жоспарына сәйкес 2016 жылы 161 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Олар өзіне 99 сүт қабылдау пунктін және 2 200-ден аса отбасылық шағын бордақылау алаңдарын біріктіреді. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ-дағы кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы мақсатқа «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 11,5 млрд. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға ҚазАгро қаражаты есебінен 7,3 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

«Тек Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша жыл соңына дейін 26 сүт қабылдау пункті, 782 жуық отбасылық бордақылау алаңдарын құру жоспарлануда. Бұлар ауылдық округтер ауқымындағы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірілетін болады», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ел аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтар базасында ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға 10,8 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қаржыландырылған өтінімдердің саны 4,4 мыңға жуық.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер