ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан
22.12.2017, 16:25

ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан Фото: mangystautv.kz

«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыңнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөзіне сілтемемен silteme.kz.

Оның айтуынша, орталық рұқсат құжаттарын рәсімдеу аясында ағымдағы жылдың 11 ай көлемінде кәсіпкерлерге 3 мыңға жуық рұқсат құжат алынуына көмек көрсетілген.

«Бұл бағытта жылдық индикатор 2500 қызмет болып  бекітілсе, жоспар 105 пайызға орындалып отыр. Биыл кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтаған 705 кәсіпкер 2,5 млрд. теңге көлемінде қаржы алып, өз бизнестерін дамытуға кіріскен. Қалған оқудан өткен тыңдаушылыр құжаттарын қаржы институттарына тапсырып, қаржыландыруды күтуде», - деді Ғани Әріпұлы.

Айта кететіні, қаржыландырылған жобалар негізінен мал шаруашылығы, егіншілік пен өндіріс және қызмет көрсету салаларына бағытталған.

Бұдан бөлек, құны 1 млрд. теңгеден астам сомаға 47 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне және 196 кооператив мүшелеріне 240-қа жуық бизнес жоспар әзірленген. Нәтижесінде 47 кооператив пен 88 кооператив мүшелері жалпы сомасы 891 млн. теңгеге қаржыландырылып отыр.

Қазіргі таңда «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру үстінде. Атап айтқанда, бүгінде кеңес беру қызметі тесттік жүйеде онлайн түрінде іске асып келеді. 2018 жылдан бастап бірқатар қызметтерді онлайн режиміне өткізу жоспарлануда.

Орталық қызмет көрсету жүйесін бұдан әрі оңтайландырып, жетілдіре түсу үшін ұтымды жобалар мен тиімді технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыра түспек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер