Әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері анықталды
04.12.2017ж.

Әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері анықталды

Тайлер мен Камерон Уинклвосс әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері атанды. Ағайындылар әлемдегі барлық биткоиндердің шамамен 1 пайызына ие. Осылайша, биткоиндер қоры миллиард доллардан асты. Бұл туралы The Telegraph мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz порталына сілтеме жасаған silteme.kz.

Газеттің хабарлауынша, 2013 жылы ағайындылар, әлемдегі барлық биткоиндердің пайызын иеленіп, крипто-валюталарды 11 миллион долларға сатып алған. Содан бері бұл көрсеткіш 100 есеге артып, өткен аптада 11395 долларды құрады. Ағайындылардың еншісіндегі биткоиндердің нақты саны белгісіз. Бірақ ол 100 мыңнан асады деген болжам бар.

Олар өздерінің крипто-валюталық активтерін сатпайтындарын айтады. Керісінше оларды ұзақ мерзімге сақтауға ниетті.

Еске салайық, 28 қарашада биткоиннің мөлшерлемесі 10 мың доллардан асты. Биткоинның нарықтық капиталдандыруы 165,85 миллиард долларға жетті. Сoindesk порталының мәліметі бойынша, биткоин 11,445,39 долларға сатылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер