Филантроп жерлестеріне ЭКСПО-ны аралатты
14.08.2017, 10:04

Филантроп жерлестеріне ЭКСПО-ны аралатты

Қайырымдылық - қайырлы іс. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы киелі жерлерімен ғана емес, ел қамы үшін қамқорлық жасаудан қысылмайтын атымтай жомарт жандармен де танымал. Солардың бірі, әрі бірегейі осыған дейін де көптеген тұрмысы төмен отбасыларға қолдаушы, ауқымды іс-шараларға демеуші болып келген филантроп Оралбек Ботбай еліміздің тарихындағы маңызды оқиға ЭКСПО көрмесіне барамын деген Қошқар Ата ауылының үздік оқитын 30 оқушысына және 10 мұғаліміне көрме билеттерін тарту етті.

13 тамыз күні басталған экскурсия барысында оқушылар көрмедегі павильондарды аралап, ондағы жасыл энергетика саласындағы жобаларды тамашалады. Филантроп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы іспеттес қайырымды істермен жиі айналысатынын жеткізді. Мәселен бұған дейін Астана, Алматы қаласында оқитын ЖОО студенттеріне өз атынан шәкіртақы тағайындап, көпке үлгі болар ізгі іс бастаған. Оралбек Ботбай осындай қамқорлықтары үшін «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында аталған шараны қолға алып отырмын деген кәсіпкер, ішкі туризмді дамыту мақсатында оқушыларды Бурабай ұлттық табиғи саябағына да қыдыртты.

Ауыл оқушыларының сөзінше бұл олар үшін жасалған зор қамқорлық. Жазғы демалыс уақытында көрме жұмысын тамашалау барысында, білімге деген ынталары ашылып, шет тілдерін меңгеруге деген құлшыныстарын жасыра алмады. Ал, Оралбек Қожамжарұлының сөзінше, бұл туған елге қолдау таныту мақсатында жасалып отырған қайырымдылық шарасы. Болашақта туып-өскен жеріме қолдан келгенше қызмет етем деген ол, жуырда Қошқар ата ауылына жол салып, шет елдік инвесторлармен бірлесе отырып, 400 үйге күннен қуат алатын көше шамдарын орнатуды бастап кетті.          

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер