Шымкенттен шыққан ойыншықтар қытайдікінен екі есе арзан
27.07.2017, 14:33

Шымкенттен шыққан ойыншықтар қытайдікінен екі есе арзан

Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланбақ. Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып abctv.kz.

«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. Өндірушілердің айтуынша, бағасы қытайлық ойыншықтардан екі есе арзан. Кәсіпкерлер бұл ойыншықтар барлық халықаралық экологиялық талаптарға сай келеді дейді. Пластмассасы - сапалы, улы емес. Сондықтан, ойыншықтар бала денсаулығы үшін қауіпті емес деп сендіреді өндірушілер. Кәсіпкерлер екі өндірістік жүйені сатып алуға қаржыны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорынның өндіріс қуаты айына үш мың өнімнен асады. Дегенмен, өндіріс көлемін 10 мың данаға дейін көбейту мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісі толығымен жолға қойылған. Жақында кәсіпкерлер индустриалды аймақтағы жаңа ғимаратқа көшті. Енді өндіріс қуатын арттырып, таяу және алыс шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер