Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады
31.03.2017, 13:11

Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады

Сәуір айынан іс бастап, оны дамытамын деушілерге арнайы бағдарлама жарияланады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Жаңа бағдарламамен кез келген кәсіпті ашуға несие беріледі. Ал қаражаттың 50-85 пайызына мемлекет кепіл болады. Биыл қалаларда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 10 млрд теңге, ауыл мен шағын қалаға 27 млрд теңге бөледі. Кәсіпкерлерге құлаққағыс. Бұрыннан бизнеспен айналысатындарға 50 пайыздық кепілдік қарастырылған. Атап өтетіні, олардан кепілдікке ақша алынбайды. Яғни кәсіпкерлер үшін бұл қызмет түрі тегін болады.

“Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі –несиелендіру. Оның аясында бизнесін енді бастап жатқандар кез келген кәсіптің түріне займ алады. Несиенің шекті көлемі –18 млн теңге. Ал мөлшері 6 пайыз болады. Үміткерлердің кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы серфикаттары болуы керек. Болмаған жағдайда «Бизнес бастау» жобасына қатыса алады”, – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер