Нұрлан Ноғаев табысты жұмысқа тез тұрудың жолын үйретті
16.03.2017, 23:08

Нұрлан Ноғаев табысты жұмысқа тез тұрудың жолын үйретті

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев табысы көп жұмысқа тез тұрудың жолын айтты. Бұл туралы бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесу кезінде белгілі болды. 

Қаңтарда басталған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында аймақта биыл 250 адамға тегін кәсіптік білім берілетіні, 750 адамға бизнеспен айналысу негіздері үйретілетіні және де 500 адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, бағдарлама аясында 5000 мыңнан астам жұмыс орны ашылатыны айтылды.

Жиын кезінде облыс әкімі тұрғындарды тек мұнай-газ саласына қызығып отыра бермей, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға шақырды.

“Облыс тұрғындарының көбі мұнай мен газ саласында жұмыс істегісі келеді. Ал тексеріп қарасаң, кейбір салада жұмыс іздеп жүрген адам көп те, кейбір салада тіптен аз. Ал жұмыс істейтін білікті маман таба алмай жүрген компаниялар қаншама? Тұрғындар бұл жағдайды пайдаланып, тиісті білім алуға талпынсын. Бағдарлама аясында адам жетіспейтін мамандықтарды тегін оқытамыз. Бұл – үлкен мүмкіндік”, - деді аймақ басшысы. 

Бұлармен бірге биыл микрокредит беруге 840 миллион, кредитке кепілдік беруге 100 миллион теңгеге жуық ақша қарастылып отырғаны белгілі болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер