Осы күндері "Еуразиялық іскер одақ" жобасы аясында сауда әрі көрмеге лайықталған павильондарды ашу салтанаты да өткен болатын. Бұл көрмеге Еуразия кеңістігіндегі бірнеше мемлекет қатысуда. Олардың арасында Қазақстан да бар.
Ашылу салтанатына қазақстандық делегацияны "Халық маркасы" федерациясы қамқоршылар кеңесінің төрайымы Жібек Әжібаева мен "Нұр" компаниясының басқарма басшысы Таукен Қайырлы бастап барды.
"Біз жоғары технологиялы платформа құрып жатырмыз. Бұл саудадағы қазақстандық бизнестің көлемін ұлғайтып, отандық тауарды әлемнің 30-дан астам мемлекетіне сатуға мүмкіндік беретін ғаламдық сауда жүйесі", - деді "Халық маркасымен" келісімге келген "Еуразиялық іскер одақтың" басқарма басшысы Виктор Камболов.
Еуразиялық Экономикалық комиссияның кәсіпкерлік жөніндегі департаментінің директоры Бауыржан Бекешов қазақстандық павильонның жұмысын жоғары бағалап, жобаның ауқымы үлкен, болашағы зор екенін атап өтті.
"Фуд Сити" кешеніне 342 жеткізушіден 8 тоннаға жуық тауар әкелінеді. Оның ішінде Қазақстандық тауарлардың да үлесі басым. Халықаралық сауда сарапшылары "Қазақстанда жасалған. Халық маркасы" ұйымдастырған Қазақстанның Ұлттық павильонына жоғары баға берді.
Халық маркасы үш жылдан бері президенттің "Қазақстанда жасалаған" акциясын белсенді түрде қолдап келеді.