15 ақпанда «Еуразиялық Іскер Одағы» сондай-ақ Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Саха Республикасы (Якутия), Ставрополь өлкесі және Смоленск облысында, яғни ұлттық және өңірлік өнімдер көрсетілетін аймақтарда көрме-сауда алаңдарын ашады.
Павильондарының ашылуы «ЕАДС-ЭКСПО» жобасының жалғасы болып табылады. Оның аясында Ресей астанасында тұрақты түрде қызмет ететін көрме-сауда алаңы ашылып, онда РФ-ның 85 өңірі, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН одақтарының мүшелері, араб әлемі елдері мен Еуразия кеңістігінің басқа да мемлекеттерінің өндірушілері шығарылады. «Еуразиялық Іскер Одағының» көмегімен осы жобаның басқа елдердегі болашақ қатысушыларымен тікелей саудалық байланыстар орнатылады.
Жоба 2016 жылғы 13 қыркүйекте Вьетнам павильонының ашылуына орай бастау алған. Беларус Республикасы, Қырғыз Республикасы және Воронеж облысымен қатар Қазақстан Республикасы да өзінің көрме-сауда алаңын 28 қазанда ашқан болатын.
Иран Ислам Республикасы мен Ресейдің тағы 10 өлкесінің, яғни Дағыстан Республикасы, Ингушетия Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания Республикасы, Кабардин-Балқар Республикасы, Карачай-Черкес Республикасы, Адыгей Республикасы, Волгоград, Владимир, Тамбов облыстары, Приморск өлкесінің павильондары 1 желтоқсанда ашылды.
«ЕАДС-ЭКСПО» шеңберінде 340-қа жуық тауар өндіруші таныстырылды. Олардын дені Мәскеулік, қала маңындағы және басқа да ресейлік өлкелердің базарлары қызығушылық танытатын тауарлар ұсынады. Павильондардың бір жерде шоғырлануының арқасында өндірушілер мен сатып алушылардың келісімшартты ешбір делдалсыз тікелей жасасып, дүкен сөрелеріндегі тауар бағасын біршама төмендетуге мүмкіндік туғызады.
«Еуразиялық Іскер Одағы» ЕАЭО мемлекеттерінің өндірушілері, көрменің басқа да қатысушылары үшін және кәсіби сатып алушыларға арналған электронды сауда алаңын құру жөніндегі жұмыс жүргізуде. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 15 ақпанда «Еуразиялық Іскер Одағы» сатып алу және сату үшін бағдарламалық жасақтама әзірлеумен айналысатын ресейлік алдыңғы қатарлы IT-компаниясы - B2B-Center-мен («Экономиканы дамыту орталығы» ААҚ) ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды. Бұл жоба өңірлер мен мемлекеттер арасындағы сауда операцияларын сапалы жаңа деңгейге шығарып, тауарларды өткізудің жаңа нарықтарына жол ашады, тауар айналымы процесін жеңілдетіп, тұтынушылар үшін тауар бағасын арзандатады.
«Еуразиялық Іскер Одағы» Еуразия экономикалық аумағының Кәсіпкерлер одағы 2014 жылы Еуразия Экономикалық Одағы, ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН және басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграция процестеріне қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын.
«ЕАДС-ЭКСПО» алаңы "ФУД СИТИ" Ресей мен Еуропадағы ең ірі азық-түлік агрокластерінде орналасқан. Оның жобалық қуаты жылына 1,8 млн тонна азық-түлік тауарларын құрайды. Кешен астаналық МКАД-тан 900 метр ара қашықтықта, 90 мың шаршы метр алаңында орналасқан. Мәскеудің азық-түлікке сұранысының 30-40%-ын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, бұған дейін «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ мен Ақтау қаласындағы «Duty free» желісі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт жасалған болатын.
Қазақстандық өнімдер бар стендтер алдағы уақытта Еуропа мен бірқатар ТМД елдері, атап айтқанда, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресейде және Түркияның «Duty free» желілерінде пайда болады деп күтілуде.