Показать содержимое по тегу: Халық әні
Ән одағын құрса қайтеді?
Түркі баласының ішкі және сыртқы бірлігі туралы жиі сөз болады. Мәдени тұрғыда талай қарым-қатынас жасалып жатыр. Ой – ортақ, іс – ортақ, қимыл – ортақ деген қағидатты түрік дүниесінің кез келген өкілі құптайды, қуаттайды. Бірақ көп нәрсе сөз жүзінде қалып, небір жақсы бастама, оң ниет нақты іспен беки бермейтінін көріп те жүрміз. Жаһандық жаңғыру үрдісі аясында ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу – үлкен мәселе.