Показать содержимое по тегу: Алматы облысы
Биыл Алматы облысында Парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы өтеді. Бұл туралы шара ұйымдастырушылары - Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки, Экстремалды спорт федерациясы жетекшісінің орынбасары Сәбина Азамбаева, бапкер, спорт шебері Игорь Коренскийдің қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталды. Оқиға бойынша Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген. Бұл туралы silteme.kz AA хабарлайды.
Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті кез-келген клиникада алуға болады. Ол үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тіркелу керек. Сонымен қатар, медициналық мекемені әр адам өзі таңдай алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» облыстық филиалының директоры Үсентаева Наталья баяндады, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.