Показать содержимое по тегу: 2017 жылы
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1543,3 шақырым жол мен 19 көпірдің жөндеу жұмыстары басталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр өңірде 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 781,1 шақырым жол биыл пайдалануға берілетін болады. Аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 27 млрд. 269,2 млн. теңге бағытталса, облыстық маңызы бар 51 нысанға 6,5 млрд. теңге, аудан, қала әкімдіктеріне 417 нысанға 9,8 млрд. теңге және Шымкент қаласының 112 нысанына 10,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.